Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

1 қыркүйек күні Ф. М. Достоевский атын. Омбы Мемлекеттік әдеби музейінде көрме ашылымы болып өтті.

ХХ ғасырдың танымал ақыны Павел Васильевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «В степном краю взращенная душа…» атты фотоқұжаттамалы көрме экспозициясында Павел Васильевтің Музей-үйі, Ф. М. Достоевский атын. Омбы Мемлекеттік әдеби музейі, Омбы қаласының П. Васильев атын. кітапхана қорларынан алынған құжаттар мен материалдар ұсынылды. Қонақтарды көрмеде ұсынылған жәдігерлермен Павел Васильевтің Музей-үйінің басшысы таныстырды. Музей-үйдің пайда болу тарихын, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғап, Омбы қаласының П. Васильев атын. кітапхана меңгерушісі Н.А. Броншқа Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасынан алғыс хатын табыстады. Бұған қоса, Павел Васильевтің шығармашылығын толығымен айғақтайтын танымал қазақстандық суретші В. Поликарповтың графика мен көркем сурет каталогын мен екі жұмысын ктіапханаға сыйға тартты.