Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

15 сәуірде П. Васильевтің Музей-үйінде саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің (Астана қ.) қорларынан ресімделген «Знаменитые имена «АЛЖИРа» атты көрменің ашылу рәсімі өтті.

Көрменің ашылуында қала зиялылары мен Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждің студенттері қатысты. Шақырылған қонақтар арасында  «Славян мәдениеті орталығы» қоғамдастық бірлестіктің төрағайымы П. Васильев атындағы тұңғыш премия лауреаты – Татьяна Ивановна Кузина болды. Өз сөзінде ол Қазақстан азаматтарының ара-қатынасына тарихтың сол бір қорқынышты да қайғылы беттерін қайталамауға, қазақстандықпын деген есімді мақтан тұтып, ата-бабамыздың қайырымды істерін жалғастыруға шақырып, адамдар арасында бейбітшілік пен келісім болуын тіледі. Сонымен қатар, шақырылған қонақтар арасында «АЛЖИР» тұтқыны болған Гайнижамал Гайсинаның қызы Гайсина Галия Шакуровна және  ҚР өнер қызметінің еңбек сінірген қайраткері, П. Васильев атындағы әдеби бірлестік мүшесі, ақын Ольга Григорьева да болды.   Ақын Ольга Григорьева «АЛЖИР» мұражай кешеніне барған іс-сапарынан алған әсерімен бөлісіп, осы экскурсия барысында туған «Под «Аркой скорби» атты өлеңін оқыды.Жиналған қауымды көрме материалдарымен «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің мамандары Малибаева Сайя мен Жалгасова Бекжамал таныстырды.