Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

16 қазан «П. Васильевтің Мұражай-үйі» Павлодарлық Ертіс өңірінің танымал ақыны Виктор Семерьяновпен «Ақындық сағатын» өткізді.

Шараға ақынмен кездескендіктеріне өте қуанышты болған № 39 ЖОБМ 5, 10 және 11 сынып оқушылары қатысты. Виктор Гаврилович өзінің алғашқы ақындық тәжірибелері туралы баяндап, өз сүйікті өлең жолдарын, өз шығармашылық жолы туралы барлық қызықтырған сұрақтарға ықыласпен жауап берді. В. Семерьяновтың өлеңдері сонымен қатар, мектеп оқушылары мен З. С. Мерцтің орындауында шырқалды. В. Семерьяновтың өлең жолдарына көптеген әндер жазылды. Кеште сазгер И. Булатов пен ақын В. Семерьяновтың өзіндік бір визит карточкасы атанған «Казахстан – моя любовь» пен  «Вальс на берегу» әндерінің видеоүзінділері көрсетілді. Кеш соңында, оқушылар білдірген жылы тілек пен алғыс сөздерінен соң, Виктор Гаврилович мектеп кітапханасына өзінің екі өлең жинақтарын сыйға тартты.