Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

16 шілде, П. Васильевті еске алу күнінде, Мұражай-үйде әдеби кеш өткізілді.

16 шілде, П. Васильевті еске алу күнінде, Мұражай-үйде әдеби кеш өткізілді. П. Васильевтің қызы – Н. П. Васильева, РФ халық әртісі Юрий Назаров, РФ еңбек сіңірген әртісі Людмила Мальцева қатысқан бейнеүзінділер, сонымен қатар, П. Васильев пен О. Мандельштамның шығармашылығына арналған актриса Н. Маеваның (Мәскеу қ.) шығармашылық кешінің үзінділері көрсетілді. П. Васильевтің өлең жолдарына жазылған әндерді бард М. Қожахметов орындаған еді. Содан соң, келушілер П. Васильевтің өлеңдерін және ақынға арнаған өз арнауларын мәнерлеп оқыды.