Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

16 шілдеде П. Н. Васильевті еске алу кеші өтті.

Ақын шығармашылығын қадірлеушілер Музей-үйде жиналды. Олар 20 ғасырдың көрнекті ақыны туралы «Посулила жизнь дороги мне ледяные» атты кітап пен басылымдар көрмесімен танысуға мүмкіндік алды. Қонақтар назарына Павел Васильевтің «қаршыға қаласы» бойынша бейнесаяхат ұсынылды. Васильевтер отбасында әуен үндері үнемі естілетін. Ақын анасы Глафира Матвеевна музыкамен әуестенген болатын. Осы бір шілденің кешінде музейде музыкалық қонақ бөлмесінің атмосферасы барынша келтірілді. Ескі қала туралы өлең жолдары айтылып, ақын әкесі Н. К. Васильев қатты жақсы көрген Ф. И. Шаляпиннің орындауындағы «Дубинушка» әнінің бейнеүзіндісі көрсетілді. Музыка пәнінің ұстазы Л. Д. Давыдова өз тәрбиеленушілерімен бірлесіп, Т. Хренниковтың «Колыбельная Светланы» әнін және орыс сазгерлерінің тағы да бірнеше романстарын орындады. Кеш туралы естелік ретінде ұжымдық фотосурет жасалынған болатын.