Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

18 наурыз күні «№ 4 арнайы түзету мектеп-интернатында» «Мисс Наурыз» сайысы өткізілді.

Құрметті атаққа біздің қамқорлығымыздағы мектептің жеті оқушы қыздары ұмтылған болатын. Іріктеу айналымынан соң бес қыз қалды. Мұражай – үй директоры З. С. Мерц балаларға Наурыз мерекесінің пайда болу тарихы, оның дәстүрлері, ерекшеліктері жайлы баяндап, дәстүрлі шашу өткізілді.Қыздар сайыстағы тапсырмаларды жақсы орындады, ою-өрнектер қиып, таланттар сайысында ән салып, би биледі және ұлттық костюмдер сайысында викторина сұрақтарына жауап берді. Мерекеге көрермендер де белсене қатысты, олар сұрақтарға жауап беріп, өз қалаулары бойынша қазақ халқының «Қара жорға» биін биледі.Сайыстың соңында, қазылар алқасы баллдарды санап, өзара пікір алмасқаннан соң, «Мисс Наурызды» атады. Бұл  атаққа 7 сынып оқушысы Амирова Айнур ие болды. Ал көрермендерге «Мисс зрительских симпатий» атағына лайықты қызды таңдауға ұсынылды. Олар бір дауыстай 5 сынып оқушысы Гесс Аннаны таңдады.Сайыс жеңімпаздары лайықты жүлделермен марапатталды, барлық қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды

Амирова Айнур
Гесс Анна