Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

19 мамырда П. Васильевтің Музей-үйінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, «Талантливый брат великого поэта» атты шара өткізілді.

Павел Васильевтің кіші інісі Виктор Николаевичтің еске алу кешіне «Вдохновение» клубының мүшелері мен оны танып білген адамдар: ақын О.Н. Григорьева мен Л.И. Деркунская келді. Ольга Николаевна ақын «халық жауы» ретінде тұтқындалып, лагерлердегі барлық тозақтардан өткендігін өзінің «Образцовая зона» мен «Этап на восьмую» атты кітаптарында баяндағандығын,  Виктор Васильевичтің басына түскен қиыншылықтар туралы сөз қозғады. Музей-үйдің қорларынан алынған Виктор Васильевичтің сұхбаты жазылған бейнеүзінділер, ақын-ағасына және лагерлік тақырыпқа арнап шығарылған өлеңдерінің оқуы жазылған бейнеүзінділер, фотосуреттердің көрсетілімі жиналған қауымға ұсынылып, көрсетілген болатын.Кеш, ешкімді де немқұрайлы сезімде қалдырмаған В. Н. Васильевтің өлеңдерін оқумен аяқталды.