Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

1999 жыл

1999 жылы Павлодар қаласында П. Васильевтің туған күннен бастап 90 жыл толуына орай салтанатты шаралар өткізілді. Мұражай-үйінің ғылыми қызметкері, павлодарлық әйгілі жазушы С. П. Шевченконың ақын мерейтойына арналған, Астана қаласының «Елорда» және Павлодар қаласының «ЭКО» баспаларында шығарылған «Будет вам помилование, люди» атты кітабы жарық көрді. Сонымен қатар мұражай-үйінің «Избранное» атты өлеңдер жинағы және «П. Васильев мұражай-үйінің» бүктемесі шығарылды.

3 желтоқсанда С. Торайғыов атындағы ПМУ-де Мәскеу, Рязань, Калининград, Омбы, Петропавловск, Өскемен, Павлодар қалаларының Васильев зерттеушілерінің қатысуымен «Немеркнущее имя» атты тұңғыш аймақаралық ғылыми-тәжірибелік коференциясы өтті. ҚМС – да «Мой Павлодар, мой город ястребиный» атты әдеби-музыкалық кеші өтті.