Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

2016 жылғы 12-13 желтоқсанда Баянауыл ауданының Ақсан ауылының Мәдениет үйінде

2016 жылғы 12-13 желтоқсанда Баянауыл ауданының Ақсан ауылының Мәдениет үйінде және Баянауылдың № 2 ЖОБМ-де – ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған "Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы" атты көрменің тұсаукесері мен XX ғасырдың даңқты ақыны П. Васильевтің өмірі мен шығармашылығы туралы «Ертістің қаһарман баласы» атты мемлекеттік тілдегі жария дәріс.Көрмеде ақынның туғандары мен замандастарымен түскен фотосуреттері, туындыларының автографтары, көзі тірісінде жарық көрген басылымдары, П. Васильевтің тергеу құжаттары ұсынылды.Көрермендерді П. Васильевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстырған дәріс, ақынның өлең жолдарына жазылған әндердің орындалуы бар бейнеүзінділер мен бейнебаяндардың көрсетілімімен сүйемелденді.Мектеп оқушылары қызыға тыңдап, П. Васильев туралы сұрақтар қойды. Еуразиялық ақынның поэзиясына қол тигізуге мүмкіндік берген көрме ерекше назарға ие болды.