Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

2022 жылғы 25 сәуірде С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Музей-үйдің және жалпы бүкіл васильевтану тарихында алғаш рет ZOOM платформасында Дүниежүзілік кітап күніне орай, Павел Васильевтің Музей-үйі мен ақынның есімімен байланысты Қазақстан мен Ресей қалалары арасында: Өскемен, Семей, Петропавл, Ақтөбе, Омбы, Хабаровск, Владивосток және т. б. «Подымайся, песня, над судьбой!» атты нышандық халықаралық достық көпірі салынды. Ақындар, Ресей және Қазақстан Жазушылар одағының мен әдеби бірлестіктердің мүшелері, музей, кітапхана қызметкерлері мен оқушы жастар қатысқан Дүниежүзілік кітап күніне арналған кездесу тұспа-тұс Достастық елдерінің халық шығармашылығы мен мәдени мұрасы жылы және Балалар жылында өтті!

Павел Васильевтің өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде ақындар, кітапхана және музей қызметкерлері, орта мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері оқыды.

Осы кездесуге арнайы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсаханұлы Қанапиянов құттықтау жолдады.

Телекөпір кезінде біз Павел Васильевтің ақын-біріктіруші екендігіне және барлығымызды біріктіргеніне тағы да көз жеткіздік, және біздің кездесуіміздің жалғасы болуға тиіс. Осы телекөпірді дайындау барысында келесіні Павел Васильевке арнау-өлеңдеріне арнауға идеясы пайда болды. Бара-бара олар дәстүрлі болып жатқан тәрізді.