Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

21 желтоқсан – «Поэзия сиқырлы әлемі» атты музыкалық кеш,

«Соғыс пен еңбек ардагерлеріне арналған Ардагер облыстық шипажайы» ММ-де өтті. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және «Жаппай еңбек қоғамы» идеясының жоспарына орайластырылды. Кешке қатысқандар: П. Васильев атындағы әдеби бірлестік мүшесі Р. Мухамеджанов, «Серебряные струны» авторлық өлең клубының мүшелері  - М. Кожахметов, А. Казаков, А. Бисенов, «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ тәрбиеленушілері. Р. Мухамеджановтың П. Васильевтің «Павлодар» өлеңін оқуы, кешті бастап, ду қол шапалақпен қарсы алынды. Бардтар өзінің авторлық әндері мен халықтық күйлерді орындауларымен көрермендерді қатты қуантты. Кеш жас жұлдызшалар - «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ тәрбиеленушілерінің - Герауф А., Герт А.,Фельх И., Буракова Т., Белянская Е. өнер көрсетулерімен тәмамдалды.