Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

22 сәуірде «АЛЖИР» саяси репрессиялар мен тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалды кешенінде көрме ашылды.

XX ғасырдың атақты ақыны Павел Васильевтің өмірі мен шығармашылығына арналған көрмеге «Посулила жизнь дороги мне ледяные» атауы берілді. Бұл сөздерді өз кезегінде ГУЛАГ-тың кез келген тұтқыны өз тағдыры жайлы айта алар еді.Көрмеде ақынның замандастары мен туыстарымен түскен фотосуреттері, шығармаларының түпнұсқалары, көзі тірісіндегі жарық көрген баспалары, П. Васильев пен «халық жауының» әйелі ретінде жазасын АЛЖИР-да өтеген Е. Вялованың тергеу істері мен жеке заттары ұсынылды. Экспонаттар ақынның образын аша түсіп, ұғынуға, ақын мен оның жақындары соңына дейін бас кешкен «мұзды жолдарды» сезінуге мүмкіндік береді.