Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

23 ақпан күні Музей-үйдің кинобөлмесінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай, режиссер, Ресейдің еңбек сіңірген актрисасы Г. Яцкинаның «У войны женское лицо» атты деректі фильмін талқылаумен кезекті кездесу өтті.

Ұлы Отан соғысындағы әйелдер туралы өлеңдер мен әндер, кітаптар мен кинофильмдер жасалған. Олар туралы естелік суретшілер мен мүсіншілердің туындыларында мәңгілік сақталған. Бірақ әлі күнге дейін Ауғанстанмен әскери қақтығысқа кеңес әйелдерінің қатысуы туралы сөз айтылмаған. Біз осы әйелдердің бет-бейнелерін экранда алғаш рет көрдік және алғаш рет жүректі ауыртатын, көзге жас іліктіретін әңгімелерін естідік. Ал экранда көргенді біздің қонақтарымыздың әңгімелері толықтырып отырды – 1983 -1985 жылдар аралығында операциялық медбике болып қызмет еткен А. Ж. Үсембаева, Қызыл жұлдыз орденінің кавалерлері К. М. Амиров пен А. К. Бисмильдинов. Біз оларға арналған сұрақтар қойып, өлеңдер оқыдық және өз уайымдарымен бөлісті. «Біз осы жерде болып, еңбек сіңірген жауынгерлермен танысуға өте қуаныштымыз. Ұлым екеуімізге бұл тақырып өте жақын. Менің әкем сол өмір мектебін өтті. «Ауғанстан менің жанымда да ауырады» - кездесу туралы мұндай пікірді Светлана Кирющенко қалдырды.