Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

25 қараша күні Успенка ауылында «Балдырған» балалар орталығында «Раненая песня» атты көрме тұсаукесері өткізіліп,

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен П. Васильевтің туылған күніне арналған Успенка тұрғындары мен мектеп оқушылары үшін «Ертіс қаһарлы баласы» атты жария дәріс оқылды.Көрмеде ақынның замандастары мен туыстарымен түскен фотосуреттері, туындыларының түпнұсқалары, көзі тірісінде жарық көрген басылымдары; П. Васильев пен «халық жауының» әйелі ретінде АЛЖИР-да жазасын Е. Вялованың тергеу құжаттары ұсынылды. Барлық материалдар Ақынның образын ашып, түсінуге, соңына дейін өтуге тура келген сол бір «мұзды жолдарды» сезінуге жәрдемдеседі.Көрмеге қосымша ретінде, П. Васильевтің өмірі мен шығармашылығымен тыңдармандарды таныстырған дәріс оқылды. Ол Мәскеу театрының әртісі Наталья Маеваның, П. Васильевтың қызы – Наталья Павловна өнер көрсетуі жазылған бейнеүзінділер мен П. Васильевтің өлең жолдарына жазылған әндер бейнебаяндарымен сүйемелденді.