Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

27 қараша күні «№ 4 арнайы түзету мектеп-интернаты» ММ-де Тұңғыш президент күніне арналған «Ел жүрегі – Астана!» атты шара өткізілді.

27 қараша күні «№ 4 арнайы түзету мектеп-интернаты» ММ-де Павел Васильев Мұражай – үйінің қызметкерлерімен Тұңғыш президент күніне арналған «Ел жүрегі – Астана!» атты шара өткізілді. Жетінші сынып оқушылары жаңа мейрамның бастаулары жайлы мәлімет алып, «Моя родина – Казахстан» атты викторина сұрақтарына жауап беріп, «Сердце Казахстана – Астана» бейнефильмін тамашалады. Содан соң, балалар Қазақстан мен Отанымыздың астанасы – Астана туралы өлеңдер оқыды. Мереке соңында балалар Қазақстанның құрметті, сыйлы азаматтары болуға тілектерімен қоса, тәтті сыйлықтарға ие болды.