Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

27 қарашада «Возрождение» Павлодар облыстық немістер қоғамы Музей-үйге келді.

Қонақтар экспозициямен танысып, танымал ақын, жерлесіміз Павел Васильевтің өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ мәліметті «Ой и долог путь к человеку, люди…» деректі фильмінен алған болатын.Кездесу Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсанында орын алғандықтан, қонақтарға арнап «Лидер Нации» атты сұхбат пен викторина өткізілді. Соның нәтижелері бойынша жеңген командаға жүлде ретінде 2-томдық Павел Васильевтің шығармаларының жинағы табысталды. Кездесу қонақтардың көңілдерінен шығып, бұл туралы ойларын пікірлер кітабына жазды.