Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

29 қазанда «Шын ниетпен» атты шара өтті.

Мұражай-үй қызметкерлері бұл шараны «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі МӘМ» КММ-де өткізген болатын. Осындай кездесулер өз кезегінде, жағымды да қадірлі әдет-ғұрыпқа айналды. Өткізілген шара қазан айының туған күн иелеріне арналды. Музей-үй қызметкерлері қамқорлықтағы жандарға арнап музыкалық концерт ұйымдастырға болатын. Директор З. С. Мерц туған күн иелерінің әрқайсысына арнап ретро клиптердің көрсетілімімен сүйемелденген, қамқорлықтағы жандардың жүректерінде ерекше орын алған ең ізгі ниетті, жүректі жылытатын құттықтау сөздерін айтты. Қалалық ән байқауларының лауреаты, үй қамқорлығындағы Балабай Даутбаев, жиналған қауым алдында «Сыған серенадасын» орындап, жұртшылықты қуантып жіберді.Танымал павлодарлық бардтар К. Симонов пен М. Кожахметовтың өнер көрсетулері жұртшылық үшін керемет сый-сыяпат болды. Олар гитарамен өздерінің әндерін орындап, көрермендерді қуанышқа бөлетіп, мерекелік көңіл-күйлерін көтертіп жіберген еді.