Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

4 сәуір күні «Что? Где? Когда?» атты білгіштер клубының Набережное ауылының Чернорецтік № 2 ЖОБМ шығыс отырысы болып өтті.

Зияткерлік ойынның сұрақтары Қазақстан тарихына, мемлекетіміздің ұлы ғұламалары, отанымыздың керемет астанасы мен әлбетте Тәуелсіздігіміздің рәміздері мен Қазақстан Республикасының рәміздері туралы болды. Білгіштердің командасы 9-10 сыныптардың жеті оқушыларынан тұрды. Олар берілген сұрақтарды жақсы меңгеріп, кейде ойлануға берілген  минутты қолданбай, лезде жауап берді. Дегенмен, жеңіс оңай беріле қоймайды, сол себептен де кей сәттерде балаларға қосымша минут алуға тура келді. Шара соңында математика ұстазы Шайкенов Б. Б. айтқандай: «Егерде балалар кейбір сұрақтарға жауап білмеген жағдайда, бұл кемістіктер П. Васильевтің Мұражай-үйінің қызметкерлері өткізген зияткерлік ойын арқасында толыққан болатын».