Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

6 желтоқсан – мерейтойлық шаралардың жалғасы.

Сағат 10:00-де ақын атындағы саябақта қала қонақтары, мектеп оқушылары мен студенттердің қатысуымен П. Васильев мүсініне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Мерейтойлық шаралардың қатысушылары П. Васильевтің Музей-үйінде өткен «Я пламенем был и остался» ақындық сағатына қатысып, Павлодар қаласының П. Васильев атын. Әдеби бірлестік мүшелерімен кездесті. Қонақтар ақын тергеу ісінің материалдары, Павел Васильевтің өлеңдерінің жинақтары, сан-алуан авторлардың ақын өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, сонымен қатар, П. Васильев туралы мақалалары бар журналдар, «Сибирские огни», «Красная новь», «Земля советская» журналдарынан алынған өлеңдер көшірмелері, ақын мен оның жақындары түскен фотосурет альбомы ұсынылған көрмемен танысты. Әйгілі ақын-жерлесіміздің өлең жолдары мен қонақтарымыздың өнерлері ақындық сағатқа әсемдік пен сұлулық бере түсті.№9 мектеп-гимназиясында оқушылар мен ұстаздармен кездесу өтті. Қонақтар мектеп музейін көруге мүмкіндік алды. А. К. Амосов пен мектеп оқушыларының орындауында П. Васильевтің әндері мен өлең жолдары шырқалды.Сағат 14:30-да қатысушылар Б. Ахметов атындағы педколледж студенттерімен кездесіп, П. Васильев оқыған сынып пен ақын музейін тамашалады. Қонақтар назарына «Как мы видим Павла Васильева» атты әдеби-музыкалық композиция ұсынылды.Содан соң барлығы ПМПИ бас оқу ғимаратында өткен «Музейтанудың өзекті мәселелері және олардың шешу жолдары» тақырыбына Г. В. Великовская өткізген мастер-классына жиналды. Шара соңында Галина Викторовна тыңдармандардың қойған сауалдарына жауап беріп, әр қайсысына Мемлекеттік әдеби музейінің буклеттерін сыйға тартты.