Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

8 мамырда № 39 ЖОБМ-де Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналған «Улицы хранят имена героев» атты шара өткізілді.

Балалар Ұлы Жеңіске кеңес халқы, соның ішінде қазақстандықтар қандай үлес қосқандығы және павлодарлықтардың соғыс жылдарындағы өмірі туралы мәлімет алды. Содан соң, Ұлы Отан соғысының батырларының есімдері берілген Павлодар қаласының көшелері бойынша бейнесаяхат өткізілді. Шара барысында бесінші және он бірінші сынып оқушылары соғыс кинохроникасының кадрларын тамашалап, соғыс жылдарындағы павлодарлықтардың фотосуреттерінен ресімделген презентациямен танысты.Кездесуге келесі қонақтар шақырылды: соғыс қатысушысы Задачин Ефим Федоровичтің қызы - Заборенко Просковья Ефимовна мен соғыс қатысушысы Млынцев Моисей Ивановичтің немере қызы, тыл еңбеккері Шабанова Юлия Никандровнаның қызы -  Млынцева Наталья Юрьевна. Қонақтар соғыс жылдарындағы отбасы өмірі туралы естеліктерімен бөлісіп, өздері жазған өлеңдерін оқыды.Кездесу соңында, құттықтаулар мен ізгі тілектерден кейін, оқушылар Ұлы Отан соғысы туралы өлеңдерді ортаға салды.