Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Әдеби қонақ бөлмедегі кездесу.

Әдебиет – бұл сөз өнері. Ол өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста. Суретші қыс бейнесін қылқаламмен, сазгер – музыкамен жасаса, ақын мұны өзгеше жасайды. Қыс туралы өлеңдер қимылсыздықтан қатып қалған, десе де, өзінің әсемдігін жоғалтпаған табиғаттан алған әсерден туады. Әрбір ақын бұл мезгілде өзіне жақын дүниелерді табады, сондықтан да, түрлі авторлардың қыс туралы өлеңдері мазмұны жағынан мен эмоционалдық түрде толық болғанымен, әйнектегі аязды өрнектер тәрізді еліктіргіш сұлу. Ақындармен бірге біз табиғат «тілін» естіп түсінуге тырысып, қысқы пейзаждың сұлулығына суретшілермен бірге тәнті болып, сазгерлермен бірге қыс музыкасына бөлендік.