Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Әдеби сенбі

Павел Васильевтің Музей-үйі бұрыннан бері Павлодар қаласының шығармашылық зиялыларының кездесулері орын алатын сүйікті орны болып табылады.  Мұнда, үйдегідей жайлылықта 25 ақпан күні облыстық әдеби бірлестік авторларының кезекті кездесуі өтті. Сол күні қалада кеңінен Масленица мейрамы тойланып жатқан бойда, ақындар да осы дәстүрді жерге қаратпады. Ыстық шаймен, құймақ пен тәттілермен үстел үстінде әдебиет пен күнделікті істер туралы жайбарақат әңгіме орын алды. Жиналған қауым Рафаэль Мухаметжановтың Михаил Кохновичпен бірлесіп, Новосібір облысының Карасук ауылына барған сапарындағыәскери-патриотты жұмысқа арналған жергілікті авторлар мен мектеп оқушыларымен орын алған кездесуі туралы әңгімені қызыға тыңдады. Рафаэль РФ, Псковск облысының территориясында көп жылдар бойы өз жұмысын жүргізіп отырған «Майдан жолы» атты экспедициялық барлау отрядының мүшесі болып табылады және бұл тақырып оның шығармашылығында да өз орынын тапты. Әрине, осы жолы, әдеттегідей, ақындық сөз шырқалды. Өз өлеңдерін Татьяна Окольничья, Иван Кандыбаев, Елена Вайберт, Людмила Бевз, Рафаэль Мухаметжановтар оқыды, ал Марина Юрченко мен Владимир Куприн бұдан басқа, гитараның сүйемелдеуімен бірнеше ән айтты. Осы күні айтылған туындылар тақырыбы сан-алуан: руханият, махаббат, отбасы, табиғат… және байқаусыз уақыты өтіп кеткен қыс.