Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

"АЛЖИР" саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалды кешенінде (Астана қ.)

XX ғасырдың даңқты ақыны, сталиндік репрессиялар жылдарында талантының шарықтау шағында қаза болған қазақ даласының баласы Павел Васильевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Раненая песня» атты көрмесі ашылды. Ақынның замандастары мен туыстарымен түскен фотосуреттерінен, құжаттары мен көзі тірісінде жарық көрген басылымдарынан басқа, көрмеде  АЛЖИРда «халық жауының» әйелі ретінде жазасын өтеген оның жесір әйелі Е. Вялованың жеке заттары ұсынылды. Қуғын-сүргінге ұшыраған ақынның өмірі мен шығармашылығымен бірінші болып С. Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеттің студенттері танысты. Көрме өз жұмысын сәуір айының соңына дейін жалғастыратын болады.