Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

«Балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жетімхана» ММ-де Қазақстанның Тәуелсіздік Күніне арналған «Отанымыз Қазақстан» атты шара өткізілді.

11 желтоқсанда Павел Васильев Мұражай – үйінің қызметкерлерімен «Балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жетімхана» ММ-де Қазақстан Тәуелсіздік Күні ұлттық мерекесіне арналған шара өткізілді. «ҚР Рәміздері» бейнефильмі көрсетіліп, викторина өткізілді. Балаларға викторинадағы сұрақтарға дұрыс және толымды жауап бергендері үшін жетондар беріліп, олардың санын есептеу бойынша жеңімпаздар анықталды. Шара соңында, өз Отанының сенімді азаматтары болып өсу тілегімен қоса, жетімхана тәрбиеленушілеріне жүлделер мен тәтті сыйлықтар берілді.