Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Бүгін 20 ғасырдың даңқты ақыны, жерлесіміз, Павел Николаевич Васильевтің қаза болғанына 80 жыл толды.

Жыл сайын, 16 шілдеде біз еске алу үшін, оның қаһарлы да көрнекті поэзиясына үңілу үшін жиналамыз. Осы қайғылы күнге арналған "Читая Павла Васильева" атты оқу конференциясы С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханамен бірлесе өткізілді.Кітапхананың «Айна» атты галереясында қала күніне арналған кітап-көрнекі көрме ресімделді, бөлімдерінің бірі П. Васильевке арналған болатын.Конференцияға "Русский беркут - Павел Васильев" атты виртуалды көрмені ұсынған П. Васильев атындағы кітапхана меңгерушісі Н.А. Бронш (Омбы қ.), қаланың танымал васильевтанушылары, ақындар, суретшілер, сазгерлер қатысты. С. Петковтың орындауында «Ақынға» арнау-әнінің тұсауы кесілді.