Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Павлодарлық өлкенің аты аңызға айналған тұлғаларының естелігі құрметіне «Павел Васильевтің Музей-үйімен» «Павлодарцы поют про город родной» атты кеші әзірленді. Вадим Ботов пен Сергей Музалевскийдің өлеңдері мен әндері шырқалды. Олардың туған күндері 14 мамырға келген екен.

Композитор, музыкант, педагог Ботов Вадим Иванович 1936 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген, қаладағы тұңғыш музыкалық мектептің алғашқы оқушылары, музыкалық училищенің алғашқы педагогтары қатарында болған, бүкіл өмірін музыкаға, мәдениетке, ағартуға арнады. Шәкірттерін өз дарынымен шабыттандырды. Біраз уақыт трактор зауытының Александр Шиллердің  хорында халық аспаптар ансамблін басқарды. Ол 20 жылдан астам еңбек жолын педагогикалық жұмысқа арнады. Павлодар қаласының                 № 2 музыкалық мектебін басқарды. Өмір бойы ақын Вадим Ботовтың өлеңдерінің жалғыз жинағы шықты. Вадим Бороздиннің өлеңдеріне және Вадим Ботовтың музыкасына жазылған «Павлодарлық вальс» әнін қырық жылдан астам уақыт бойы шығармашылық ұжымдар, ансамбльдер, камералық хор және Шиллер хорының ардагерлері орындауда. Ұзақ уақыт бойы бұл ән облыстық теледидардың «За честь родного города» телебағдарламасының музыкалық заставкасы болды және «Қала туралы үздік ән» номинациясы бойынша құрметті бірінші орынды иеленді. Музыкалық кеште композитор Ботовтың көптеген шығармалары хор ардагерлері мен оның қызы Лидия Вадимовна Марченконың орындауында шырқалды.

Достық жылдары Вадим Ботовты журналист, ақын, Павел Васильев шығармашылығын зерттеуші Сергей Музалевскиймен байланыстырды.

Оларды Павел Васильевтің шығармашылығына деген махаббат, Павел Васильев атындағы әдеби бірлестік отырыстары және Павлодар жеріне деген адалдық біріктірді.

Ақындардың өлеңдері Рафаэль Мухамеджановтың орындауында шырқалды.

 «Будь влюблённым в жизнь сначала,

  прежде чем писать стихи,

  чтоб стихи всю жизнь вмещали,

   весь поток её стихий.

   Будь влюблённым в человека,

   чтобы верно всё писать,

 в нём – и смысл и соль от века,

 в нём вся боль и вся краса…

                            Сергей Музалевский. Сборник «Я жадно жёг костёр души!» 

Өз шабыттары, достары мен сүйікті қаласына Вадим Ботов пен Сергей Музалевскийлер өз шығармаларын арнады.

 «Смотрю на вас, красивых и парадных,

  Как на безвестную грядущую зарю,

  Слегка смущённых, гордых и нарядных

  И про себя негромко говорю:

  «Дай Бог вам, дети радости и счастья,

   Трудов посильных и больших побед.

   Пусть минут вас невзгоды и несчастья

  И жить вам в этом мире много лет!»

                          Вадим Ботов. Посвящение выпускникам музыкальной школы.

Ақындар бізбен болмаса да, олардың өлеңдері, әндері және біздің қаламыздың ескі тұрғындарының жақсы естеліктері бар.