Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

«Павел Васильевтің Музей-үйі» ақын Павел Васильевтің 110-жылдығына арналған мерейтойлық кездесулер мен сұхбаттардың эстафетасын жалғастыруда.

Павлодар қаласының № 2, 9, 19, 35, 39 мектептерінің және Павлодар облысының Железинка ауданының мектептерінің оқушылары Қазақстан Республикасындағы Ресейлік қызметтестік ғылым және мәдениет орталығының «Родительница степь»  жобасына қосылды.

Мектептерде ақындық сағаттар, әдеби өлкетану сабақтары, павлодарлық ақындармен кездесулер өткізіледі. Балалар өткен «Әлемдік мәдениеттегі еуразияшылдық идеясы» атты ғылыми-практикалық конференциясының материалдарымен және «Павел Васильев поэзиясындағы еуразияшылдық концепциясы» атты монографиясымен танысады.

Даңқты еуразиялық ақын Павел Васильевтің мерейтойы –  бұл тарих пен мәдениетті жақындастыратын поэзия мерекесі.

Павел Васильевтің шығармашылығына үнемі қайтып ораласын және өзің үшін жас жасында ойламаған басқа да сарындарды жылдар өте келе аша түсесін.

«Міне, қайта, мен сеннен баспана таптым/ Павлодар, менің қаршыға қалам» ақындық марафоны жалғасуда.

Павел Васильевтің өлеңдері ақындық кештерде және ақындармен кездесулерде естіледі.