Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Ингушетия ақыны, Ресей ЖО мүшесімен кездесу.

8 қаңтарда Музей-үйге қонақ ретінде Ингушетиядан келген тамаша ақын және керемет, жарқын адам Зарета Ахильгова келді. Бұл сөздердің шынайылығын, мен, ол Музей-үйдің табалдырығын аттаған сәттен-ақ байқадым. Ол біздің жүректерімізді өзінің ашықтығы мен ақниеттілігімен, әр қайсымыздың алаңдауларымызға, ойларымыз бен армандарымызға сәйкес, өзінің жан толғандыратын өлеңдерімен жаулап алды. «Жүрекпен жылынған поэзия» - оның шығармашылығы туралы басқаша айта алу мүмкін де емес, және бұл анықтама васильевтік: «Өлең жүректен қанмен алынуы тиіс» дегенмен үйлеседі. «Бұл айырықша ақын-адамның шығармашылығы мен өмірбаянымен таңданамын... Павел Васильевтің музейіне ұзақ жыл мен талантты, таза келушілерді тілеймін!» - осындай сөздерді Зарета Хусеновна біздің Құрметті қонақтар кітабына қалдырған еді. Ал біз, өз кезегінде, тамаша ақынға шабыт, оның поэзиясы әрдайым қуаныш сыйлап, әлемді жарықтатсын деп тілейміз.