Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

«Қазақстан, асырғым келеді даңқынды!»

13 желтоқсан күні №4 Арнайы түзету мектеп-интернаты түлектеріне арнап, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ақылды мен тапқырлы» атты шара өткізілді.Зияткерлік ойында 8-9 сыныптардың «Беркут» пен «Барс» атты екі командасы қатысты: Николаевский Саша, Бурумбаева Айша, Никитенко Саша и «Барс»: Вельницкий Виталий, Дунаева Аня, Амирова Айнура. Біздің қатысушыларымыздың білімдері мен тапқырлығын келесі құрамды қазылар алқасы бағалаған еді: төрағайым Ж.И. Ермухамедова, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Г. Кунанбаева, СБО мұғалімі Михаил Сергеевич Камшук пен қоғам мен құқық мұғалімі.Әр команда, кезектесіп сұрақ тақырыбын таңдаған болатын: тарих, әдебиет, тарихи тұлғалар, ойландырушы сұрақтар. Әр секторда қиындығы бойынша әр түрлі сұрақтар болды, тиісінше керекті баллдармен бағаланды.Екі командада барлық тақырыптар бойынша жақсы білімдерін көрсете білді, ойын соңында жеңімпаз анықталды. Жеңімпаз болып «Беркут» командасы аталды. Шара соңында П. Васильевтің Мұражай-үйінің қызметкерлері командаларды сыйлықтармен марапаттады және әрине де жанкүйерлер де кұр қалмады.  Оларға тәтті сыйлықтар берілді.Өткізілген шара бойынша мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен педагогтардың жалпы пікірін қорытып,  К.Г. Кунанбаева жариялаған болатын: «Біздің балаларға көңіл бөліп, үнемі келіп, балалардың зеректілігін дамытатын шараларды жоғары деңгейде өткізіп, сыйлық сыйлайтын П. Васильевтің Мұражай-үйі қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз».