Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

КОМПОЗИТОР ШИЛЛЕРГЕ – ҒАСЫР!

Павел Васильевтің Музей-үйінде өткен кездесу композитор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Александр Иванович Шиллердің ғасырлық мерейтойына арналды.

Трактор құрастырушылардың халық хорының ардагерлері Александр Ивановичтің павлодарлық ақындар Сергей Музалевский, Виктор Семерьянов, Вадим Ботовтың өлеңдеріне жазған әндерін шырқады.

Хор жетекшісі туралы естеліктерімен ардагерлер Беличева Валентина Васильевна, Полищук Марина Сергеевна бөлісті.

Павел Васильев және Марина Цветаева атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты, павлодарлық ақын Ольга Григорьева қалам бойынша серіктестері Сергей Музалевский, Виктор Семерьянове және Вадим Ботовтар туралы айтты.

Еске алу кешінде хор мен оның ұйымдастырушысына арналған өлеңдер оқылды.

 «… Была мелодия проста,/ Как выдох и вздох,/ И как печальна песня та/ Что слёз сдержать не смог./ А, значит, у песни много сил,/ Ей жить из века в век…» (Семерьянов)

Осылайша жиырмасыншы ғасырдан жиырма бірінші ғасырда Ертіс толқынында Шиллер хорының әндері шырқалуда.  Шәкірттері ол туралы естелікті  ерекше мұқиятпен сақтауда. Олармен кездесулер барлық жерде күтілуде.

Хордың мерейтойлық афишасы мейірімді, лирикалық әндерді сүйетіндерді 28 мамырда сағат 18.00-де Әбусейітов атындағы ойын-сауық орталығында («Космос» кинотеатры) өтетін концертке шақырады.

Шынында да, әнде өмірге қажет нәрсенің бәрі бар: таусылмайтын күш, үміт және адам жанының ауқымы.