Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Конференция

8 желтоқсанда С. Торайғыров атындағы ПМУ-де «Наследие Павла Васильева в его ретро- и перспективном окружении» атты Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция алдында қатысушылар және қонақтар мұражай-үйі қорындағы «Немеркнущее имя» атты көрмесімен танысты. Конференция мәжілісін ПМУ ректоры, экономика ғылымының докторы Е. М. Арын ашты. Мәжіліс барысында П. Васильев мұражай-үйінің директоры Л. С. Кашина өзінің «Истоки васильеведения» атты баяндамасын оқып, сонымен қатар С. Сейфуллиннің шөбересі С. О. Сейфуллин, филология ғылымының докторы Т. В. Кривощапова, филология ғылымының докторы В. И. Хомяков, филология ғылымының кандидаты Н. Г. Шафер, филология ғылымының кандидаты С. К.Шаймарданова сөз сөйледі. П. Васильев атындағы республикалық премиясының лауреаты атанған «Нива» журналының редакторы В. Гундаревтің сөз сөйлеуінен кейін Е. М. Арын мұражай-үйімен бірігіп, көрнекті ақынның шығармашылығын зерттеу және насихаттау бойынша жұмысына үлес қосқан қызметкелерге П. Васильев атындағы жыл сайынғы премиясын бекіту туралы ұсынысы қарастырылды. Бұл ұсыныс секциялы мәжілісте де бір ауыздан құпталды, қарастырылып, дауыс бергеннен кейін мұражай-үйінің тұңғыш директоры Л. Г. Бунеева, П. Васильев атындағы әдеби бірлестігінің мүшесі, ақын В. Г. Семерьянов, филология ғылымының кандидаты, П. Васильев шығармашылығын зерттеуші С. К. Шаймарданова сияқты кандидатуралар ұсынылды. Қонақтарға арнап ПМУ мұражайы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Түстен кейін конференцияның секциялы мәжілісі өтті. Рязань, Семей, Павлодар қалаларындағы зерттеушілері мен ғалымдарының баяндамалары тыңдалып, талқыланды.