Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Көрме Омбыда

Осы жылдың 27 науырызында Омбы қаласының «Континент» атты қазіргі заман экспозициялық орталығында Омбы облысының Мәдениет күнін тойлау қарсаңындағы «Омская культура: известные имена и неизвестные факты» атты аймақтық көрме шеңберінде П. Васильевтің 100 жылдығына орай мұражай-үйінің өкілдерінің, омбылық жазушыларының «Орыс өлеңдерінің данышпанымен» кездесуі өтті. Бұл шараға «Омбы қаласы муниципалдық кітапханасының орталықтандырылған жүйесі» МММ директоры Н. Л. Чернявскаяның және П. Васильев атындағы кітапханасының меңгерушісі Н. А. Бронштың шақыруы бойынша біз де қатыстық. Бұл шарада П. Васильев мұражай-үйінің «Ой, и долог путь к человеку, люди» атты видеофильмнің үзінділері қолданылды. Омбылық мектебінің және гимназияның оқушылары П. Васильевтің өлеңдерін оқыды.