Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

 

Кездесу Қазақ КСР Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Павлодар қ. құрметті азаматы Қалижан Бекхожиннің ескерткіші жанында өтті .

Ескерткіш манындағы кездесуге бізді Қ. Бекхожиннің Павел Васильев туралы естеліктері шақырды: «Менің орыс ағайындым»: Өзім Павлодардан боламын. Біз Володарский көшесі бойымен тұрдық... Васильевтер отбасы жақын тұрды, Ертіске жақынырақ, Чернышевский мен Достоевский көшелерінің қиылысында...»

Олардың балалық, мектеп жылдары бір көшелерде өтті. Павел Васильев пен Қалижан Бекхожин өздерінің әдебиет пен сурет бойынша ұстаздары – Давид Васильевич Костенко мен Виктор Павлович Батуринді махаббатпен еске алатын еді.

«Біз орыс балаларымен бірге (кейде олардың арасында Павел де болды) павлодарлық көшелердің шаңында ойнадық, көгершіндер қуып, Ертісте шомылдық..» - деп Қалижан Бекхожин есіне алды. Павлодар-бұл өлеңде жазылған балалық шақтарының қаласы.

№ 9 және 19 мектеп оқушылары сүйікті қала, Ертіс туралы екі ақын шығармаларынан нағыз ақындық композиция дайындады.

 «Сердечный мой,/ Мне говор твой знаком./Я о тебе припомнил, как о брате…» (П. Васильев).

«Мой Павлодар! Я твой сын и певец твой;/ Ты – колыбель звонкой песни моей.» (Қ. Бекхожин)

Өлеңдерді 1 сынып оқушылары да, бесінші сынып оқушылары да оқыды!

Балалық шақ туралы көптеген қызықты естеліктер Қалижан Бекхожиннің де Павел Васильевтің де өлеңдерінде бар.

 «Я с русскими ребятами  тогда/ Любил гонять по крыше голубей,/ Следы мои остались навсегда/ На чистом льду, что неба голубей…» (Қ. Бекхожин)

«Хоть волос русый у меня,/ Но мы с тобой во многом схожи:/ Во весь опор пустив коня,/ Схватить земли смогу я тоже…» (П. Васильев)

«Павел Васильевтің көптеген құрдастары сияқты, кішкентай кезінен бастап бәйге, жұт, айтыс туралы білгені таңқаларлық емес... Сондықтан да ойдан шығарылмаған, опаланған экзотикаға, көрсетімді  интернационализмге емес, ал өмірді терең білуі, барлық қиындықтар мен қайшылықтары бар өмірдің шынайылығына васильевтік поэзия толы» - деп еске алады Қалижан Бекхожин.

Біздің кездесу Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың балалар бөлімінде, ғасырлық тарихы бар ғимаратта аяқталды. Мүмкін, Павел Васильев пен Қалижан Бекхожин осы көпестік ғимараттың жанынан өткен шығар.

Балалар кітапхана жұмысымен танысып, екі ақын өлеңдерін оқыды.

Соңында,  Елена Игнатовскаяның аудармасында Қалижан Бекхожиннің өлеңі тілек сөз ретінде айтылды: «Я люблю высоту» : « Я знаю, что когда-то,/ Через десяток лет,/Я по примеру брата/ Открою сто планет!...»

Біздің павлодарлық ақындардың шығармалары жаңа жаңалықтарға, зерттеулерге балаларды шақырады, яғни қала ескерткіштерінде жаңа кездесулер болады!