Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Павел Васильев атындағы Орталық қалалық кітапханада П. Васильевтің туған күніне арналған «Литературный вернисаж. Стихи, застывшие в полотнах» атты бірлескен шара өтті.

№ 16 ЖОБМ оқушылары мен қаланың байырғы тұрғындарына Павел Васильевтің өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми баспалардың кітаптарының көрмесі ұсынылды. П. Васильевтің туындылары бойынша суретші Виктор Поликарповтың офорт-суреттер көрмесі ресімделді. Павлодар ақындары, әдеби бірлестіктің мүшелері Виктор Семерьянов, Иван Кандыбаев, Татьяна Окольничья Павел Васильевке арналған өлеңдерді оқыды, ақынның өз өлеңдерін В. Ф. Поликарпов оқыған болатын. Васильевшы Л. Кашина осы жылы Алматыда басылған П. Васильевтің досы мен замандасы Н. Титовтың «Строки, летящие сквозь время», атты туындыларының  кітабы бойынша жүргізген жұмысы туралы баяндады.Кездесу 2009 жылғы П. Васильевтің өлең жолдарына жазылған әндер байқауының лауреаты, № 34 мектеп дуэтінің орындауындағы «Сестра» атты әнімен аяқталды.