Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Павел Васильев Мұражай-үйінде бір экспонаттың презентациясы өтті.

Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждің оқушыларына жаңа түсілімдердің бірі, ерекше экспонат – ақынның әкесі Николай Корнилович Васильевтің шынайы қолтаңбасы бейнеленген Петропавл жоғары бастауыш училищесін аяқтағаны туралы 1919 жылы берілген куәлік ұсынылды. Мұражай – үй қызметкерлері мен өлкетанушы    Э. Д. Соколкин педагогикалық колледждің оқушыларына тарихи жағдайлар, ХХ ғасырдың басындағы Павлодар Ертіс өңірінің пайда болуы, репрессияланған және лагерде қайтыс болған, ұстаз Н. К. Васильевтің (1886-1942) қайғылы тағдыры туралы баяндады. Павел Васильев туындылары бойынша офорттардың авторы, суретші В. Поликарпов, өлеңнің алғашқы жолдарынан –ақ бастап, ақынның ата-анасының бейнесін суреттеуге болатын «Раненая песня» атты туындысын оқыған болатын. Мұражай қорларынан, Н. К. Васильев жайлы фотоқұжаттамалы көрме даярланған.