Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

«Подымайся, песня, над судьбой!» атты облыстық оқырмандар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

23 желтоқсанда, П. Васильевтің туған күнінде орын алды. 250 қатысушы Павел Васильевтің өлеңдерің жеке және дуэтпен жатқа оқудан басқа, әнге салып, тіпті биледі де. Бұл дегеніміз ақын поэзиясы олардың жүректеріңе еніп, мәңгілікке қалады! Павел Васильевтің шығармашылығына немқұрайлы қарау мүмкін емес қой, өйткені ол махаббатқа үйретеді. Туған жерге, қасындағы жақын адамдарға деген махаббатқа.Жеңімпаздар дипломдар мен құнды сыйлықтармен марапатталды. Байқау мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізуде көрсетілген көмек үшін № 9 ЖОБМ әкімшілігіне, қазылар алқасының татулы ұжымына, автор мен орындаушы Сергей Петковқа, "Поречье" казак ән ансамбліне, ақын Рафаэль Мухамеджановқа алғыс жариялаймыз!