Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Павлодарлықтардың көбісі Людмила Бевзді Қазақстан халқы Ассамблеясының славян мәдениет орталығындағы белсенді қызметі бойынша біледі. Оның шығармашылық кештері, концерттік өнер көрсетулері үнемі аншлагпен өтеді. 

Павлодардағы әдстүрлі Цветаевтік алаулар автордың орындауындағы әнұранмен ашылады.

Оның тұңғыш «Пришла и говорю» атты ақындық жинағы 2012 жылы шықты. Содайн кейін оның «Весёлые превращения буквы «А»» (2013 жыл)  атты балаларға арналған кітаптары шықты.

2015 жылы Мария мен Анастасия Цветаевалардың өлеңдеріне, павлодарлық ақындардың өлеңдеріне және өз өлеңдеріне жазылған әндер жинағы шықты. «Мелодии моей души» жинағы Павел Васильев атындағы әдеби бірлестік мүшесі, ақын Людмила Бевздің шығармашылығының тағы бір қырын ашты.  Бүгін оның әндері сахнадан концертте естіледі, оларды бардтар, балалар шығармашылық ұжымдары орындауда.

«Людмила Николаевна Бевз – ғажайып адам – жарқын, ашық, қуаныш сыйлайтын адам», - деп атап өтті павлодарлық ақын Ольга Григорьева. Оның арқасында павлодарлық ақындардың көптеген өлеңдері әнге айналды.

Осымен Людмила Бевздің шығармашылық потенциалы шектелмейді.

Жақында ол «Павел Васильевтің Музей-үйінде» көрерменді өз шығармашылығындағы тағы бір бағытпен таң қалдырды – өз шығармашылығының ақындық этюдін сыйлады. Бұл мысалдар! Ересектерге арналған мысалдар, олар үйреншікті, сан-алуан. Музейде «Замандас» ардагерлер клубының белсенділеріне арналған алғашқы көпшілік оқуы өтті.

2020 жылғы 13 ақпанда сағат 16.00-де Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Людмила Бевздің «Басни для взрослых» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтеді.

Өлеңдер, әндер, мысалдар... Шығармашылық шексіз! Жаңа туындыларды күтеміз! Ал авторға шабыт!

 «В моём Павлодаре просторные дуют ветра.

  Широкие улицы смотрятся в небо открыто.

  И любим с тобой мы бродить по нему до утра,

 

  Пока в нашем сердце любовь к Павлодару открыта».

                                              (Людмила Бевз )