Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Павлодар қаласының 300-жылдығына орай «Павел Васильевтің Музей-үйінде» әдеби-музыкалық коллаж ұсынылды. Бұл павлодарлық ақындардың өлеңдері, павлодарлық сазгерлердің әндері және қала тарихы бойынша энциклопедиялық, тарихи мәліметтер. Және, әлбетте, ақын Павел Васильевтің шығармашылық мұрасының материалдары.

№№ 6, 9, 30, 21 мектеп оқушылары Павлодар туралы өлеңдерді мұқият оқып, ақын Павел Васильевтің балалық шағындағы үй тұрған көшенің тарихымен таныса отырды. Ақын есімімен байланысы бар қаланың естелікті орындары бойынша виртуалды саяхат жасады.

«Мен дала арасында өсіп», Корнила атаның ертегілері арқылы ата-бабаларымыздың ескі даналығы, «Павлодар» өлеңінде қаланы жырлады - осының бәрі Павел Васильевтің шығармашылығында.

Ал оның қанатты жолдары: « И вот я вновь нашёл в тебе приют, мой, Павлодар, мой город ястребиный…» - Павлодар-Ертіс өңірінің кеңістігінде  шырқалуда.

Павел Васильев атындағы әдеби бірлестік мүшелері өз шығармашылықтарында Павлодар, Ертісті шырқап, ақынға өз арнауларын сыйлауда. «Ты и в радости и в печали, о тебе не умолчишь./ Для меня Иртыш – не волны и не просто красота,/ для меня Иртыш – как воля,/ а без воли жизнь пуста», - осылайша Ертіс Виктор Семерьяновтың поэзиясында шырқалған.

Оған павлодарлық керемет ақын Жанаталап Нүркенов қайталайды : «Синевы Иртышской непорочность./ Здесь любовь моя  - моя жена/ И друзья испытаны на прочность./ С детских лет его в душе ношу…/»

Біздің қазіргі ақындар мен сазгерлердің шығармашылығында Павлодар туралы жылы, жақсы жолдар аз емес.

 «Мой Павлодар,/ Рабочий славный город,/ - Плывёт по гребням – кронам тополей…» (Борис Поздняков)

Ал Ольга Григорьева қалаға деген махаббатын бұлттар арқылы білдірді:

«Я люблю вас, облака павлодарские!/ Любоваться вами не надоест./ Грозовые и божественно - царские,/ Белоснежные, как сотни невест…».

Сазгерлер Вадим Ботов, Михаил Пульга, Игорь Булатов және әрине Александр Амосовтың «Мой былинный  батыр – ты детя Иртыша,/ Здесь Васильева Павла живая душа…» әндері айбынды шырқалуда.

Қаланың 300-жылдығына орай павлодарлық ақындар өздерінің қалаға мен ақын Павел Васильевке арнауларының өлеңдер жинағын әзірлеуде.

 «Живу я в городе большом/ Живу и в нём души не чаю» (Виктор Семерьянов).

Болашақ ақындар да өзінің жырларын сүйікті қалаға сыйға тартсын!