Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада П. Д. Поминовтың «Я рос среди твоих степей» атты кітабының презентациясы өтті.

С. Торайғыров атындағы Облыстық кітапханада дәстүрлі желтоқсандық васильевтік күндер шеңберінде ф. ғ. к., әдебиеттанушы П. Д. Поминовтың көбінесе, Қазақстандық Ертіс өңірінің және ортақ еуразиялық идеямен біріккен ақын мен жазушыларға арналған мақалалар жинағын қамтитын «Я рос среди твоих степей» атты кітабының презентациясы өтті. Ол П. Васильев жайлы мақалалармен ашылады. Презентацияда шығармашылықтары жайлы жинақтағы мақалалар арналған ақындар Виктор Гаврилович Семерьянов пен Борис Васильевич Исаев, журналист Юрий Дмитриевич Поминов, ақыншы Ольга Николаевна Григорьева болды. Жинақтың сыртқы қабатын офортпен безендірген суретші Виктор Поликарпов, П. Васильевтің «Азиат» атты өлеңін оқыды. Петр Дмитриевич кітап бойынша жүргізген жұмыстар жайлы әңгімелеп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 
Кездесу сазгер, 2011 жылғы П. Васильевтің Республикалық әдеби премиясының лауреаты Александр Амосов орындаған «Павлодар жайлы әнмен» аяқталды.