Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

«Вдохновение» клубында павлодарлық ақындардың жаңа шығармалары үнемі шабытпен қарсы алынады.

 

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында журналист, ақын, өлкетанушы Ольга Григорьева Қазақстан әйелдері форумында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ұмытылмас кездесулер туралы, Қазақстан Тұңғыш Президенті Қорымен бірлескен жоба – балаларға арналған  «Здравствуй, Родина моя!» кітабының басылымы туралы естеліктерімен бөлісті.

Кездесуде Павел Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшесі, Павел Васильев және Марина Цветаева атындағы екі әдеби сыйлықтың лауреаты Ольга Григорьева «Двадцатый» және «Мой любимый Павлодар» атты екі жаңа жинақты ұсынды.

Анастасия Цветаева музейінің белсендісі Лидия Прохорова ақынның шығармашылығы туралы өз әсерімен бөлісті. Ақын Елена Вайберт «Двадцатый» атты өлеңдер жинағына өзінің аннотациясын ұсынды.

«Вдохновение» клубының ұйымдастырушысы Наталья Млынцева жаңа жинақтардан өлеңдер оқыды, ал бард-музыкант-орындаушы Александр Казаков Ольга Григорьеваның өлеңдеріне жазылған әндер топтамасын ұсынды.

Ольга Григорьеваның өлеңдері арқылы көптеген павлодарлықтар Ертіске және өзінің туған қаласы Павлодарға деген махаббатын білдіреді!

«Мы любим не город, а то, что в нём было./ И, может быть, то, что могло ещё быть:/ Встречалось, рождалось болело, искрило -/И нас вдохновляло всё это любить./

Мерекелік кездесуге қатысушылар ақынға шын жүректен алғыс айтып, жаңа өлеңдер мен әндер тіледі.