Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

П. Васильевтің Музей-үйінде екі жыл қатарынан «Игала» киноклубы жұмыс жасауда

Жаңадан бастап келе жатқан әуесқой-кинематографистердің қауымдастығының негізгі мақсаты – сан-алуан киножобалар және болашақ көркем фильмдерді өмірге келтіру үшін шығармашылық энтузиасттарды біріктіру.

Оның қызметіне әр түрлі мамандықтар мен жас аралығындағы адамдар қатысады. Десе де, осы факт олардың бірлескен жемісті шығармашылығына кедергі келтірмейді. Балалар бірнеше қысқа метражды фильмдер мен деректі жобаларды түсіріп үлгерді, соның ішінде, Павел Васильевтің Музей-үйі туралы сюжет те бар. Төменде көрсетілген сілтеме бойынша өтсеңіз, Павлодар қаласынан шыққан шығармашылық топтың You Tube каналына кіріп, бүгінгі күні бар барлық жұмыстарын көре аласыздар. www.youtube.com/channel/UCuexXg8AmVFhcQ40U-OTPvA

Сондай-ақ, киноклуб қызықты мастер-класстар өткізіп, өз тәжірибесімен және кәсіптің құпиясымен бөлісетін танымал адамдармен, кәсіби кино ісін жасаушылармен кездесулер ұйымдастырады.

«Игала»  шығармашылық тобының жиналысына қатысқан әрбір адам, сонда ешқашанда жалықпайтындығын біледі, себебі бұл жерде жас аралығына қарамастан барлық қызығушылық танытқан  адамдарға кино әлеміне жанасуға бірегей мүмкіндік беріледі!