Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Петропавловск

Петропавл қаласындағы көркемөнер мұражайында өткен Павлодар облысы облыстық мемлекеттік мұражайымен бірігіп ұйымдастырылған «В степном краю взращенная душа…» атты көрмесі осы жылдың ең негізгі оқиғаларының бірі болып табылады. Көрмеде фотосуреттер, қолжазбалы мәліметтер, қағаз кесетін пышақ, күл салғыш, ақынның анасы Глафира Матвеевнаның сандықшасы, Облыстық мемлекеттік мұрағатының, П. Васильев мұражай-үйінің қорындағы көзі тірісіндегі П. Васильевтің қолтаңбасы бар басылымдары, сонымен қатар В. Поликарповтың графикалық жұмыстары ұсынылды. Көрменің салтанатты ашылуы барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С. Билялов, құжаттар және мұрағаттар басқармасының, облыс мәдениет басқармасының бастықтары, мұражай және кітапхананың қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері, шығармашылық зиялылар мен Петропавл жастары қатысты. Петропавл газеттері мен теледидарларына арнап сұхбат жүргізілді.

Бұл күні сағат 1600-де көркемөнер мұражайының концерттік залында «Гений русского стиха» атты әдеби-музыкалық композициясы өтті. Бұл композицияға жиналған Петропавл әдеби бірлестігінің мүшелері мен шығармашылық зиялылар П. Васильев өмірі мен шығармашылығымен танысып, В. Поликарповтың орындауындағы 20 ғасырдың көрнекті ақынның өлеңдерін тыңдағаннан кейін «Ой и долог путь к человеку, люди» атты фильмін қарады. Мектеп кітапханасына, Петропавлдің жоғарғы оқу орындарына, қала мұражайларына П. Васильевтің өлеңдер жинағы және ақынның туған күннен бастап 100 жыл толуына орай жасалынған әндер жазбасы бар дискісі табысталды. Бұл көрме өз жұмысын сәуірдің соңына дейін жалғастырды және бұл көрмеге 430 адам қатысты. СҚО телекөрсетілімдері бойынша біздің сұқбатымыздың ролигі трансляцияланды.