Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Павел Николаевич Васильев 1909 жылдың 23 желтоқсанында (бұрынғы стиль бойынша) Зайсан шекаралық қалашығындағы өңірлік ерлер мектебінің меңгерушісі, математика пәнінің мұғалімі Николай Корнилович және Глафира Матвеевнаның отбасында дүниеге келген. Павлодарлық кедейлер отбасында дүниеге келген Николай Корнилович Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясын үздік бітірді. Ол әріптестері және жерлестерінің арасында зор құрметке ие болды. Ал анасы, саудагер М. В. Ржанниковтың жалғыз қызы Глафира Матвеевна да жақсы білім алды: қыздар гимназиясын үздік бітіріп, француз тілін меңгерді және кітап оқуды ұнататын.

Геометрия пәнін оқыту бойынша курсын жетілдірген Николай Корнилович жиі басқа мектептен басқа мектептерге аударып отырылды. Сондықтан онымен бірге отбасысы да көшіп жүрді. Сындықтау, Атбасар және Петропавловск деген жерлер олардың тұрғын орындары болды. Павелден кейін үш ұл бірінен соң бірі дүниеге келді: Борис, Виктор, Лев.

Оларға осындай, әсіресе азамат соғысы және төңкеріс кезіндегі көшпелі өмір қиынға соқты. Кішкентай Павлик күтуші Елена Марковна Пузыреваның көмегімен тұңғыш қадамын Павлодар қаласында жасаған Отанына 1920 жылы Николай Корнилович оралады. Васильев және Ржанников әулиеттері бір үйде тұрды.

Ата-анасынан және үш інілерінен басқа П. Васильевпен бірге көптеген халық ертегілерін, әндерді, мысалдарды білетін әкесі және анасы жағынан ата-әжелері тұрды. Павел естігеннің барлығын «Сказки чернильные деда забавные» сияқты атаумен біріктіріп, көк дәптерге жазып отыратын. Бұл оның ақын жолындағы тұңғыш қадамы еді. Павелге оның атасы Корнила Ильичпен қазақ ауылдары бойынша саяхаты кезіндегі қазақ балалармен қарым-қатынасы олардың тілдерін меңгеруге, олардың тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрімен танысуға, сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ауызекі мәдениетімен танысуға мүмкіндік берді.

Павлик қиялшыл бала боп өсетін. Оны шытырман оқиғаға толы әдебиет қызықтыратын, батыр болуды армандаған. 1921 жылы әкесімен Өскемен қаласының Үлкен Нарын ауылына барған кезде өзінің «Алтай» атты ең тұңғыш өлеңін жазды. «Алтай! На сопке дикие, покрытые густым березняком, на камни острые, седым ручьем разбитые, я первый стих принес»… Сергей Поделков Павел Васильев туралы өмірбаяндық очеркінде былай деп жазған: «Ресейде орасан зор ықыласқа ие болған шетаймақтық мұғалімдік ортасында ақынның рухани дамуы өтті. Мұғалімдер халықты ағартумен ғана айналыспай, сонымен қатар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген орыс зиялыларының идеяларын дамытты. Олар «жан-жақты» болатын, балаларға сабақ беріп, қойылымдар қойып, халықты классикалық музыкаға және әдебиетке баулитын». Оның ішінде талантты мұғалім, қабілеті зор мектеп меңгерушісі Николай Корниловичті мысал ретінде атап өтуге болады. Кәсіби суретші Виктор Павлович Батурин (1863-1938) бейнелеу өнерінен сабақ берді. Ол 1919 жылы Павлодарға келеді. Францияда және Германияда өткен халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан Виктор Павлович Лев Толстоймен хат алмасып, Ясная Полянаға бірнеше рет барып-қайтатын. Ол сурет салу техникасына ғана көңіл бөлмей, сонымен қатар мүсін және сәулет өнерінің құпияларын танып білуге үйретті. «Поэзия және сурет өнері бір-бірінен ажырамас», - деп В. П. Батурин бірнеше рет қайталап айтатын. Оқу құралдарының авторы, ҚазССР еңбек сіңірген мұғалімі болған Давид Васильевич Костенко мектепте әдебиет пәнінен сабақ беретін. Ол әдебиетті жетік біліп, өлеңдерді жатқа оқитын, оқушылар оның сабағында поэзияның әсемдігіне үңіліп, орыс классикасының байлығына тамсанатын. Мектепте «Иртыш» атты журналы, апта сайын үлкен қабырғагазеті шығарылатын, П. Васильев те редакция алқасының мүшесі болды. Сонымен қатар ол әдеби тақырыптар бойынша даярлаған баяндамасын, әдеби кештерде өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқитын. Павел өлеңдер мен эпиграммалар жазатын, бірақ жазғандарын сақтамайтын, кейде өлеңдерді аяғына дейін жазбайтын, ол осыған қарамастан, ақын болу – оның тағдыры екенін түсінетін.

Павел Васильев мектеп бітіргеннен соң университетке түсу үшін Таяу Шығысқа аттанады. Бірақ П. С. Есениннің достары Рюрик Ивнев пен Лев Повицкиймен кездесуі Васильев тағдырының өзгеруіне себепші болады. Осыдан бастап оның поэзияға деген құштарлығы оянады. Павел Павлодарда поэзия жолындағы өзінің сенімсіз тұңғыш қадамдарын жасағанмен, Владивостокта оның бағы ашылды десек болады. Ол мында өзінің күш-жігерін және қабілеттілігін сынай білді. Қуанышқа орай университеттің актілі залында жас ақын Павел тұңғыш рет жұрт алдында өлең оқиды.

1926 жылдың соңында П. Васильев Рюрик Ивнев пен Лев Повицкийдің кепілдеме хатымен Владивостоктан Мәскеуге аттанар кезде жол-жөнекей Новосибирскіде қалады. 25 желтоқсанда Сібір жазушылардың жиналысында Б. Мирконың әдеби Владивосток туралы ақпаратынан кейін П. Васильев өлең оқиды. «...жас ақын өзінің өлеңдерін керемет оқыды...», - деп Николай Анов айтты.

1927 жылдың 16 қаңтарында «Жастар әдеби тобы» П. Васильевтің шығармашылығын талқылады: «... «Советтік Сібірдің» пайымдауынша өлеңдер сыңалды... Бірақ олардың арасында жақсы өлеңдер де болды». П. Васильев Новосибирскіде қалып, жұмысқа орналасады. Ол әрдайым «Сибирские огни» журналында, «Советская Сибирь» газетінде баспаға шығатын. 4- ші нөмірде ақынның павлодарлық өлкені еске алғаны туралы жазылған «Письмо» атты сазды лирикалық өлеңі жарыққа шығады.

По указке петь не буду сроду,-
Лучше уж навеки замолчать.
Не хочу, чтобы какой-то Родов
Мне указывал, про что писать.
Чудаки! Заставить ли поэта,
Если он – действительно поэт,
Петь по тезисам и по анкетам,
Петь от тезисов и от анкет.

1927 жылдың тамызында П. Васильев тұңғыш рет Мәскеуге келеді. Ол А.В. Луначарский атындағы өнер саласының жұмысшылар факультетіне түседі. «Комсомольская правда» газетінде оның «Прииртышские станицы» атты өлеңі басылымға шығады, бірақ бірден астананы жаулап алу П. Васильевтің қолынан келмеді. Жұмысшылар факульетінде аздаған уақыт оқығаннан соң оқуды тастап, астанадан кетеді.

Новосибирскіде оның жаңа өмірі басталады. Н. Анов және Н. Феоктистов екеуі бірігіп жас ақындар П. Васильев пен Н. Титовтың тағдырларына жаны ашып, оларды «Сибирские огни» атты редакциясының тапсырмасы бойынша ұзақ уақытқа іссапарға жібереді. Дәл осы сәттен бастап Сібір және Таяу Шығыс бойынша П. Васильевтің саяхаты басталады: Чита - Иркутск - Сретенск - Благовещенск - Верхнеудинск - Хабаровск... Бұл кездегі П. Васильевтің шығармалары жоғалып кетті немесе өзі жойып жіберді. Ақынның ең соңғы саяхаты Владивосток болды. П. Васильев тіпті жүк тасушы да, қайықта балықшы да болды. Павел Китаев Васильевтің лақап атымен «Красное знамя» газетінде «На Тафуине», «По бухтам побережья» және «В гостях у Шаландера» сияқты очерктері жарық көреді. «В золотой разведке» (М-Л. 1930 ж.) және «Люди в тайге» (М-Л. 1931 ж.) сияқты кітаптарда саяхат туралы сипатталған, сонымен қатар 1930 жылы «Голос рыбака» атты газетте және «30 дней» атты журналда очерктер топтамасы жарық көрді.

1929 жылдың күзінде Павел Васильев біраз уақыт Павлодар және Омбы қаласында болып, Галина Анучинаға үйленгеннен кейін қайтадан Мәскеуге барып, жоғарғы мемлекеттік әдебиет курсына түседі. Оның өлеңдері Мәскеудің ондаған газет, журналдарда басылды. Кейін ақынның табынушылары мен көре алмаушылар пайда болады. Басқаша болуы мүмкін емес, өйткені оның мінезі ауыр болатын. Басқаларға баға беріп, оларға деген ниетін жасырмайтын. Ренішті тез ұмытып басқаларды кешірсе, оны кешірмейтін. Оның кек қайтаратын ойлары да болды. Дарынсыз әдебиетшілер жалған айыппен оның есімін аяққа таптаған

П. Васильев советтік поэзияға Қазақстанды тұңғыш енгізген болатын. Туған жерінің жомарттығы мен әсемдігі ақын шығармашылығының ең негізгі нышаны болып саналды. «Ярмарка в Куяндах», «Иртыш», «Павлодар», «Верблюд», «Семипалатинск», Мұхан Башметовтың өлеңдер циклі және т.б. жүректен шыққан шығармалар арқылы әрбірінің бойына туған өлкенің салт-дәстүрлерін, отанға деген сүйіспеншілікті дарыта білді.

П. Васильев 1930 жылдың аяғында «Песня о гибели казачьего войска» атты поэмасын аяқтап, бөлек бөлімдері журналда басылып, ал бүкіл поэма 1932 жылы «Новый мир» журналына дайындалып, өкінішке орай басылымға шықпайды.

1932 жылы П. Васильев Сібірдің С. Марков, Л. Мартынов, Л. Черноморцев, Н. Феоктистов және т.б. сияқты ақындармен бірге «Сибирская бригада» атты әдебиетшілердің контрреволюциялық тобына кірді деген айыппен қамауға алынады. Бұл іс бойынша 3 жылға сотталып, Архангельскіге аударады. Павел Васильев және Лев Черноморцевке шартты жаза қолданылады.

П. Васильев үшін қиын кезең басталды, оның өлеңдері басылымға шықпай, ал ол отбасына жәрдемдесуі қажет еді. 1933 жылдың сәуірінде оның қызы, Наталья, дүниеге келді. Осы кезде П. Васильев жәрдем көрсеткен «Новый мир» журналының редакторы баспашы Иван Михайлович Гронскиймен және оның туысы Елена Вяловамен танысады, кейін Е. Вялова ақынның екінші әйелі болады. 1933 жылдың ортасында «Соляный бунт» поэмасын, ал 1934 жылы «Синицын и К» поэмасын аяқтайды. П. Васильевтің өмірі қысқа болғанға қарамастан, оның поэзиясы кең және ғажайып әлем тәріздес. Туған жерінің әсемдігі, қарапайым халықтың дәстүрі, адам құштарлығы - оның негізгі тақырыптары. Ол публистикалық «Песнь против войны» сияқты өлеңдер және «Стихи в честь Натальи» сияқты лирикалық өлеңдер жазады.

Ақынның тағдырына М. Горький ең қатерлі соққы берді. 30 жылдың басында М. Горькийдің П. Васильевке қарсы ескертуі қалыптасты. 1934 жылдың маусымында «Правда», «Литературная газета», «Известия» газеттерінде М. Горькийдің «Литературные забавы» атты мақаласы басылады. Осыдан бастап П. Васильев туралы жұрт көзқарасы өзгерді. Құғынға ұшыраған ақынның басынан қоғамдық және әдеби айыпталушылықтың қара бұлты үлкейе түскендей болды. П. Васильев 1935 жылдың 10 қаңтарынан бастап Жазушылар одағынан шығарып тастады, сонымен қатар шығармаларын баспаға жіберуге тыйым салынды, сондай-ақ оны жазушылардың І съезіне шақырмады.

1935 жылдың 24 мамырында «Правда» газетінде Павел Васильевке қатысты шара қолдануды шешу міндеттері бойынша 20 әдебиетшілердің қолдары бар хат жіберілді. Олардың арасында П. Васильев достары деп санап жүрген Николай Асеев, Борис Корнилов, Семен Кирсанов, Иосиф Уткин сияқты ақындар да болды. (Кейбір қолдар жалған болып шықты). Ақын Джек Алтаузенмен төбелесі үшін П. Васильевті «зиянды бұзушылық» деген айыппен бір жарым жылға бас бостандығынан айырылып, Үлкен Электросталь заводын салу мақсатында түзетуші еңбек ету лагеріне жіберіледі. 1936 жылдың наурызында И. М. Гронскийдің тырысуымен ақын мерзімінен бұрын бостандыққа жіберіледі. Бірақ 1937 жылдың ақпанында Сталинге қарсы теракт жасады деген айыппен қайта қамауға алынады.

Сот мәжілісі 20 минутқа созылды. П. Васильев 1937 жылдың 15 маусымда 58 б. 8 т. ІІ б. бойынша ату жазасына кесіледі. П. Васильев 1937 жылдың 16 маусымында үкімге сәйкес атылады. Ақын Мәскеу қаласының Донский зиратында жерленген.

Лагерден оралған Е.А. Вялова және И.М. Гронскийдің арқасында 1956 жылы П. Васильевтің есімін ақтап шығарады. 1957 жылы Павел Васильевтің тұңғыш өлеңдер жинағы қайтыс болған күннен бастап тек 20 жылдан кейін ғана жарық көрді, ақынның әдебиетке оралуы осы сәттен басталды.