Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

«Дала жыры»

Облыс орталығындағы №9 кәсіптік лицейде ақын Павел Васильевтің шығармашылығына арналған «Туған Ертіс өңірім» атты әдеби кеш өтті. П. Васильев атындағы мұражай-үйі және аталмыш оқу орны бірлесіп өткізген шараға студенттер мен оқытушылар қауымы шақырылды. Кеш барысында мұражай-үйдің директоры З. Мерц Ертіс өңірін жырға қосқан ақынның өмірі жайлы әнгіме өрбітті. Жиналғандар назарына ақын жырларын арқау еткен бейнеүзінділер ұсынылды. Кеш Павел Васильев мұражай-үйінің жәдігерлерінен құралған «Дала жыры» атты көрмеге ұласты.

 

Алькебаева Б. А.

«Сарыарқа-Самалы» 16 ақпан, 2013 ж.