Павел Васильевтің
Музей-үйі
қаз

Не матери родят нас – дом родит.
Трещит в крестцах, и горестно рожденье
В печном дыму и лепете огня.
Дом в ноздри дышит нам, не торопясь растит,
И вслед ему мы повторяем мненье
О мире, о значеньи бытия.

Здесь первая пугливая звезда
Глядит в окно к нам, первый гром грохочет.
Дед учит нас припрятать про запас.
Дом пестует, спокойный, как всегда.
И если глух, то слушать слёз не хочет,
Ласкает ветвью, розгой лупит нас.

И всё ж мы помним бисеры зимы,
Апрель в ручьях, ворон одежду вдовью,
И сеновалы, и собак цепных,
И улицы, где повстречались мы
С непонятою до сих пор любовью, –
Как ни крути, не позабудем их!
Нас мучило, нас любопытство жгло.
Мы начинали бредить ставкой крупной,
Мы в каждую заглядывали щель.
А мир глядел в оконное стекло,
Насмешливый, огромный, недоступный,
И звал бежать за тридевять земель.

Но дом вручил на счастье нам аршин,
И, помышляя о причудах странствий,
Мы знали измеренья простоту,
Поверив в блеск колёсных круглых шин,
И медленно знакомились с пространством,
От дома удаляясь на версту...

01

Музей-үйдің тарихы

«Менің өмірім дәл осы жерден басталды…»

Павлодар өңірінің тарихи бөлігінде, Чернышевский және Достоевский көшелері қиылысында кішігірім терезелері мен тақтай қақпасы бар бөренелі үй орналасқан. «Мой Павлодар, мой город ястребиный…» атты өлең жолдары біздің қаламыздың эмблемасына айналып, бұл үй Қазақстандағы және советтік кеңістіктегі XX ғасыр ақыны Павел Васильевтің шығармашылығын зерттеу бойынша тарих және мәдениеттің мемориалды ескерткіші болып саналады. Қазақтың кең байтақ даласының хош иісі мен орыс халқының өмір тынысын біріктірген ақынның үздік өлеңдері поэзияның көз жетпес шыңына айналды.

Бөренелі үйдің екі бөлмесінде уақыт тоқтап қалған сияқты. Мында көпестік шкафты, иілген орындықтар, вольтерлік кресло, П. Васильев өз өлеңдерін жазған ломбер үстелін, жіп иіру машинасын, көне сағаттарды көруге болады. Үйдің қабырғаларында П. Васильевтің, оның туыстары мен жақындарының фотосуреттері, Н. Быховецкий, П. Лысенко, С. Музалевский сияқты суретшілердің картиналары ілініп тұр.

XIX және XX ғасыр аралығында құрылған интерьер, яғни мұражайда сақталған Васильев отбасының жәдігерлері, фотосуреттер, ақынның басылымдары, қолжазбалары сол кезеңнің поэзиясына толы, ең алғашқы өлең жолдарын жазған ақынның назды кейпін еске түсіреді.

Павлодар қаласында Павел Васильевтің өмірі мен шығармашылығын журналист, ақын С. А. Музалевский зерттей бастады. Павлодар облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайының директоры, өлкетанушы, әйгілі фотограф Д. П. Багаевтің 1937 жылы ату жазасына кесілген көрнекті ақын П. Васильев туралы айтып, 1956 жылы Мәскеудің лагерінен оралған және Отанға сатқындық жасаған отбасының мүшесі ретінде саналған П. Васильевтің жесір әйелі Е. А. Вяловамен кездеседі. Осыдан бастап «Павлодарская правда» (қазіргі «Звезда Прииртышья») газеті өз оқырмандарын П. Васильевтің поэзиясымен таныстырды. 1956 жылдан бастап С. А. Музалевскийдің қолдауыымен әдеби бірлестік П. Васильев атымен аталды. Көрнекті ақынның балалық шағы өткен қалаға оралуы осыдан басталды.

Ақынның досы Сергей Поделков және жесір әйелі Е. А. Вялова жинаған 1957 жылы П. Васильевтің тұңғыш жинағы жарық көрді. Павлодарда П. Васильевтің шығармашылығына арналған шығармашылық кештер ұйымдастырылады. П. Васильевтің және павлодарлық ақындардың өлеңдері оқылған бұл кештер нағыз мерекелік кештерге айналды. Әйгілі «Кузенковская труппа» драмтеатрының әртістері П. Васильевтің шығармашылығы бойынша кішігірім қойылымдар қоятын.

П. Васильев шығармашылығын насихаттау жұмыстарына Вера Жукова, Евгения Ефремова, Лидия Грезина, Майя Ковальская, Лидия Бунеева, Владимир Куприн, Виктор Поликарпов, Александр Амосов, Кузьма Тюрин, Юрий Мостовой, Иван Кандыбаев және т.б. сияқты павлодарлық мектеп мұғалімдері мен қала зиялылары қатысты.

03

Павлодар П. Васильевтің мерейтой шараларын салтанатты түрде тойлайды. Ақынның туғаан күннен бастап 90 жыл толуына орай мұражай-үйінің ғылыми қызметкері, павлодарлық әйгілі жазушы С. П. Шевченконың «Будет вам помилование, люди» атты кітабы жарық көрді. Мұражай-үй «Избранное» атты өлеңдерін жинағын және «П. Васильев мұражай-үйі» атты бүктемесін шығарды. Мәскеу, Рязань, Калининград, Павлодар қалаларындағы Васильев зерттеушілердің қатысуымен С. Торайғыров атындағы ПМУ «Немеркнущее имя» атты бірінші аймақаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

2009 жылы П. Васильевтің туған күннен бастап 100 жылдық мерейтойы өткізілді. Бұл шара ақынның мүсініне гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Осы жылдың желтоқсанында Павлодарға П. Васильевтің немересі С. Анучина (Мәскеу), оның жиені С. Сосновский (Өскемен), Мәскеу, Омбы, Астана, Семей, Өскемен қалаларының Васильев зерттеушілері мен ғалымдары сияқты қонақтар болды.

Облыстық көркем мұражайында облыстық мұрағатының, тарихи-өлкетанулық мұражайының, П. Васильев мұражай-үйінің мәліметтері мен құжаттары ұсынылған «В степном краю взращенная душа!» атты фотодеректі көрмесі ашылды.

П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасында қонақтардың және мерейтой шарасының қатысушылардың қала зиялыларымен кездесуі өтті.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-де «Наследие Павла Васильева в его ретро- и перспективном окружении» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференция басталмай тұрып қонақтардың назарларына мұражай-үйі қорының «Немеркнущее имя» атты көрмесі ұсынылды.

Келесі күні «Протяни мне, Родина, ладони свои» атты мерейтой концерті Естай атындағы мәдениет сарайында өтті. С. Торайғыров атындағы ПМУ бекіткен Павел Васильев атындағы премия иегерлеріне С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Е. М. Арын табыстады.

2010 жылы беделді премия иегерлері болып әйгілі павлодарлық суретші В. Ф. Поликарпов, ақын, журналист О. Н. Григорьева, мұражай-үйінің екінші директоры Л. С. Кашина саналды. Ал 2011 жылы – П. Васильев өлеңдеріне жазылған әндердің авторы және орындаушы А. Амосов та премияға ие болды.

XX ғасырдың көрнекті ақынның бірде-бір өлеңдер жинағы жарық көрмеді, 1957 жылы бірінші жинағын жинау үшін және шығармашылық мұрасын сақтап қалу үшін көп күш-жігер жұмсалды. П. Васильевтің 2 томдық өлеңдер жинағын 100 жылдық мерейтой қарсаңында мұражай-үйі баспаға шығарды.

02

1989 жылы Павлодарда Павлодар облысы мәдениет қорын басқарған Р. М. Ганиев және С. А. Музалевскийдің қолдауымен және ақынның ағасы В. Н. Васильев, оның қызы Н. П. Фурман, Е. А. Вялова, С. И. Гронский мен көптеген Васильев зерттеушілерінің қатысуымен Бүкілодақтық васильевдік оқулары өтті.1987 жылдың желтоқсанында педагогикалық колледждің ғимаратындағы П. Васильев оқыған сыныбына, Павелдің балалық шағы өткен 1966 жылы салынған Матвей Васильевич Ржанниковтің үйіне 1988 жылдың қыркүйегінде мемориалды ескерткіш тақталары орнатылды.

Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайында әдеби бөлім ашылған кезде П. Васильев мұражай-үйінің құрылу тарихы 1987 жылдан басталды. Васильев зерттеушілерінің және Е. А. Вялованың сұранысы мен бастамасы бойынша 1990 жылдың желтоқсанында ақынның үйінде әдеби бірлестігі ашылды. 19 ғасырдың соңында салынған бұл апаттық жағдайда болғандықтан, ғимаратты жөндеу жұмыстары жасалынды.

1994 жылдың 23 желтоқсанында П. Васильевтің 85 жылдығына орай жөндеу жұмыстарынан кейін мұражайдың және Павел Васильевтің мүсінінің (мүсінші Е. Мергеновтың және сәулетші К. Мантахаевтің жұмысы) ашылу салтанаты өткізілді.Көптеген экспонаттарды ақынның жесір әйелі Е. А. Вялова, Рязань қаласында тұратын қызы Н. П. Фурман, ағасы В. Н. Васильев табыстады

1995 жылдың 1 қыркүйегінде ақынның үйіне мұражай-үй деген атау беріліп, оныі ең тұңғыш директоры Л. Г. Бунеева болды.

П. Васильевтің өмірбаян түпнұсқасын, оның әдеби мұрасын қалпына келтіру үшін көптеген зерттеушілердің күш-жігерлері жұмсалды. Мұражай-үйінің қызметкерлері XX ғасырдың 20-жылдарына сәйкес интерьерін құру сияқты жұмыстарын атқарылды, мұражай-үйінің қоры көбейе түсті. Павлодарлықтар «Васильев қорығы» деп сүйіспеншілікпен айтатын мұражай-үйінде поэзия әуесқойлары үшін әдеби-музыкалық кештер, әйгілі әдебиетшілермен кездесуі, П. Васильев атындағы әдеби бірлестігінің мәжілістері өткізіледі.

Мұражай-үйінің ғылыми-зерттеу жұмыстары орасан зор мағынаға ие, П. Васильевтің шығармашылығын ғана емес, сонымен қатар қазақстандық әдебиетшілердің шығармашылығын насихаттау жұмыстары жүргізіледі: И. П. Шуховтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Сын степного простора» атты фильмі, Н. Титов туралы «Я не был в этой жизни пустоцветом» сияқты фильмдер көрсетіліп, проводятся литературные вечера о творчестве С. Мұқановтың, М. Әуезовтың, С. Торайғыровтың, І. Жансүгүровтың және т.б. шығармашылығына қатысты әдеби кештер өткізіледі. Бұл жерге Қазақстан және Ресей облыстарының Васильев зерттеушілері мұражай-үйіндегі қорының мәліметтерін зерттеу үшін келеді, қаланың мектеп, лицей, колледж студенттері шығармашылық жұмыстарын жазады. П. Васильевтің шығармашылығын зерттеумен айналысаттын Павлодар, Өскемен, Омбы қалаларының студенттері мен магистранттарымен байланыс орнатылды.

04

2007 жылы П. Васильев мұражай-үйіне Ресей федерациясы мәдениет министрлігінің Алғыс хаты табысталды. Бұл П. Васильевтің шығармашылығын насихаттау бойынша мұражай-үйіне жоғары баға бергені болып саналады.

Павлодарда П. Васильев атымен көше, облыстық әдеби бірлестігі, сонымен қатар орталық қалалық кітапхана аталады.

Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай Павлодарда оның атымен саябақ ашылып, авторы павлодарлық мүсінші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Қажыбек Баймулдин болған ақынның мүсіні орнатылды. Қызыл граниттен жасалынған ерекше іргетасында П. Васильев өмір сүрген күрделі кезеңін білдіретін сынық жолдар бейнеленген. Ақынның бет жүзінде алға деген ұмтылыс, самғау бейнеленген, өйткені ол поэзияға қанатты сәйгүлік сияқты ұшып кірді.

Тіпті жыл, тіпті он жыл өтсе де, тіпті заман өзгергеніне қарамастан, ақынның мүсіні куә болатын қала тұрғындарының жерлес ақынға деген шынайы сүйіспеншілігі мәңгіге қалмақ.

Павел Васильев есімін, оның шығармашылығын Ресей елі де танып, сүйіп оқиды, оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Әсіресе қазақстандықтар үшін оның алатын орны ерекше, өйткені ол өзінің тамаша және жан-дүниені тебірентер поэзиясы арқылы екі мәдениетті, еуропалық және азиялық екі рухты біріктіре білді.